Сапардың мәртебесіне сай, оны ерекше құрметпен қарсы алғанын байқадық. Ресей астанасының көшелерінде көк туымыз желбіреп тұрды. Останкино телемұнарасы да тудың реңіне боялды. Президент борты шекарадан өткен кезде Ресейдің қос әскери ұшағы қатарласып, әуе эскортын жасады. Әуежайда Ресейдің жоғары шенділері күтіп алды. Кейін Кремльге барып, Путинмен 2,5 сағаттай еркін әңгімелесіпті. Мұның бәрі елге, президентке деген құрмет қой.

