Жас отбасының неке қиған сәті дәл Референдум өтіп жатқан күнмен тұспа-тұс келген. Шаңырақ көтерген қос ғашық – Қарасай ауданының өнер саласында еңбек етіп жүрген жандар. Әлішер Мұқашев «Қарасай жастары» театрының көркемдік жетекшісі болса, оның жұбайы Айман Рахымбердиева Қарасай аудандық Мәдениет үйінің әдіскері болып қызмет етеді.
Отбасы болып жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайлар бүгін азаматтық белсенділіктерін танытып, аудандық Мәдениет үйіндегі №432 референдум учаскесіне барып өз таңдауларын жасады.