8.7 C
Нарынкол
spot_img
ДомойБас тақырып | О главномҒасыр жасаған ардагер дауыс берді

Ғасыр жасаған ардагер дауыс берді

Еңбекшіқазақ ауданында 99 жастағы ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагері Солтанбай Жарықбасов өзінің тіркелген учаскесіне барып, таңдауын жасады.
Соғыс ардагері АЭС салуға қолдау білдіріп, еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету жолында мұндай бастамалардың маңызын, ел болашағының жарқын әрі баянды болуы – электр энергиясының тәуелсіздігінде екенін түсінідіріп. Ғасыр жасаған ардагер референдумның нәтижесі еліміздің ғылымына, энергетика мен экономикасының дамуына тікелей әсер ететіндігін айтты.
Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Алға ауылында тұратын ғасыр жасаған ардагер Солтанбай Жарықбасов Еңбекшіқазақ ауданы Алға ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтарында Ташкенттегі мергендер курсында оқып, сәуір айында әскерге аттанады. Забайкалье майданындағы 25-ші қызыл тулы механикаландырылған бригаданың құрамында 1-ші батальонының, 1-ші ротасының пулемет бөлімшесінің командирі болған. Жапондықтарға қарсы соғысқа қатысқан. Солтанбай атамыз І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойлық, мерекелік медальдарымен марапатталған.

Жаңалықтар