-2.6 C
Нарынкол
spot_img
ДомойБас тақырып | О главномЖас жұбайлар бірге дауыс береді

Жас жұбайлар бірге дауыс береді

Талғар қаласында жас жұбайлар өз азаматтық міндеттерін орындауды кейінге қалдырмауға шешім қабылдап, некелерін қию күні дауыс беру учаскесіне барды. Олар Панфилов ауылындағы №880 учаскеде той киімдерінде өз таңдауларын жасады.
Олардың бұл әрекеті басқа сайлаушылар мен комиссия мүшелерінің жүзіне жылу сыйлады. Жас жұбайларға ерекше қошемет көрсетіліп, бақыт тілеп, белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс білдірді. Дауыс беруден кейін олар естелікке суретке түсіп, неке альбомдарына сақтап қоятынын, бұл суреттер ел үшін де, отбасылары үшін де маңызды қадамдың символы болатынын жеткізді. Жергілікті тұрғындар да жас отбасының бұл әрекетін жоғары бағалап, мұндай істердің жастар үшін үлгі болатынын атап өтті.

Жаңалықтар