11.4 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратҚЫСҚЫ ДАЙЫНДЫҚ ҚАМДАЛДЫ

ҚЫСҚЫ ДАЙЫНДЫҚ ҚАМДАЛДЫ

Ауданымызда қысқы мал азығын дайындау мен күзгі жиын-терін ойдағыдай аяқталды. Таулы аймақтың қысы ерте келіп кеш кететіні белгілі. Сол себепті шаруалар қыстың қиындығына тас түйін дайындық жасап әдеттенген. Аудан тұрғындары жылдағы үрдіспен биыл да сол әдет бойынша қысқа қамданып, жауын-шашынға ұрынбай, шашпай-төкпей етек жеңін жинап алды.  

Биылғы жылы жалпы аудан көлемінде қазан айындағы мәлімет бойынша 22382 тонна дәнді дақыл жиналған. Оның ішінде 8894 тонна бидай, 13488 тонна арпа, 47333 тонна картоп түсімі алынды.

Жем-шөп дайындау жұмыстары бойынша 207,269 мың тонна шөп, 23 мың тонна сабан, 32,1 мың тонна жем жиналған.

Өз тілшіміз  

Жаңалықтар