9.8 C
Нарынкол
spot_img
ДомойБас тақырып | О главномҚарттар күнінде әжелер өнер көрсетті

Қарттар күнінде әжелер өнер көрсетті

1 қазан — халықаралық қарттар күні. Халықаралық Қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған. Қарттар күнін атап өтудің мақсаты – қарттардың проблемаларына қоғамның назарын аудару; қоғамның демографиялық қартаю проблемасы, қарт адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың қоғамның дамуына қосқан үлесі, қарт адамдарға деген қарым-қатынасты өзгерту мәселелерінен халықтың хабардарлығын арттыру, қарт адамдардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, қоғам өміріне қатысуын, қажетті күтім, олардың ішкі әлеуеті мен абыройын қорғау үшін жағдайлар жасау.

«Толықсып  аққан дария — мейірбан жүзді  қария» демекші, өмірдің ыстығы мен суығын, қызығы мен шыжығын татып көрген, өнегелі өмірден түйгені мол кемеңгер қариялардың төл мерекесі аясында аудандық мәдениет үйінде арнайы іс-шара өтті. Шараға ауданымыздағы ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер және бірқатар мекеме басшылары қатысты. Мерекелік шараның алғашқы сөз кезегі аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлына берілді. Қарияларды төл мерекемен құттықтаған аудан әкімі құттықтау сөзін марапаттау рәсіміне ұластырды. Мерейлі мейрамға орай бірқатар қариялар мен ақ жаулықты әжелер арнайы марапаттар мен сыйлықтарға ие болды. Ресми шараның соңы аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Алтын қазына» әжелер ансамблінің мерекелік концертіне ұласты.

Айгүл ТАҒАЕВА

Жаңалықтар