2.6 C
Нарынкол
spot_img
ДомойБас тақырып | О главномАЭС салу маңызды қадам

АЭС салу маңызды қадам

Қазақстанда атом электр станциясын салу ел ертеңі үшін маңызды қадам. Бұл үздіксіз электр энергиясын өндірудің әлемдегі ең озық тәсілі.Ел аумағында АЭС-ті пайдалануға беру көмір мен газ негізіндегі электр энергиясын өндіруді алмастыра алады. Қазақстанда АЭС салу экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ ғылымға, білімге, әлеуметтік салаға оң мультипликативтік әсер етеді. Сондай-ақ ғылымды қажетсінетін технологиялар мен аралас салалардың жедел дамуына мүмкіндік береді.Қазақстанда АЭС салу атом индустриясы үшін және тұтастай алғанда еліміздің бүкіл экономикасы үшін жаңа мүмкіндік ашады. Егер артықшылықтар туралы айтатын болсақ, онда АЭС салу елдің ғылыми-техникалық және жоғары білікті кадрлардың өсуіне мүмкіндік береді. Құрылыс кезінде 8 000 адамға дейін жаңа жұмыс орындары пайда болады. Жаңадан екі мыңнан астам кадрлар пайда болады. Сондай-ақ АЭС салу кезінде бір жұмыс орны экономиканың аралас салаларында он есе көбейеді. Жергілікті өнеркәсіп дамиды.

Жаңалықтар