11.6 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпарат"AMANAT" партиясы Райымбек аудандық филиалында аудан әкімі Құдабаев Дастан Сұлтанмұратұлы азаматтарды жеке...

«AMANAT» партиясы Райымбек аудандық филиалында аудан әкімі Құдабаев Дастан Сұлтанмұратұлы азаматтарды жеке қабылдауы кестеге сәйкес өткізілді

Қабылдау барысында жергілікті тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.Атап айтқанда, ауыл тұрғындары ауыз су мәселесі, көше жарық шамдарының жетіспеушілігі, сондай-ақ Қайнар ауылдық округінің емхана құрылыстары жөнінде өз пікірлерін білдіріп, нақты ұсыныстарын жеткізді.Аудан әкімі әрбір сұраққа жеке-жеке тоқталып, мәселелерді шешу бойынша тиісті шаралар қабылданатынын, жауапты мекемелермен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізілетінін айтты. Сонымен қатар, кейбір мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетіні және ауданның даму жоспарына сәйкес қарастырылатыны түсіндірілді.Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен салалық мекеме басшылары да қатысып, тұрғындардың өтініш-тілектеріне қатысты өз салалары бойынша түсініктеме берді.Бұл қабылдау тұрғындар мен жергілікті атқарушы билік арасындағы ашық диалог орнатуға және өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған маңызды қадам болды

Жаңалықтар