“Атом электр станциясын салмаса не болады?” деген сұрақ бүгінгі күні көптің көкейінде, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміз АЭС салу жобасын жүзеге асырмаса, еліміз экономикалық жағынан зардап шегіп, республикаға келетін инвестиция кемиді және аймақтағы көшбасшылық қабілетінен айырылады. Дегенмен, қарапайым халық мұны түсіне бермейді, оған әлемді дүрліктірген себептер де жоқ емес. Барлығы адами факторларға байланысты. Сол себептен, білікті мамандар ауадай қажет. Атом электр станциясын салу біраз уақытты қажет етеді. Сарапшылардың айтуынша, бұл тек атом өнеркәсібі үшін емес, онымен байланысты бірқатар саланың дамуына, машина жасау және құрылыс материалдарын өндіруге осы энергетика көзінің септігі тиеді.