16.5 C
Нарынкол
spot_img
ДомойЖаңалықтар | Новости2025 жылдың 7 айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3% болды

2025 жылдың 7 айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3% болды

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,3%-ға өскен.

Тауар өндіру көлемі 8,3%-ға, қызметтер 5,2%-ға (бұл ретте ең қарқынды сегмент көлік пен сауда болып отыр), өнеркәсіп 6,9%-ға артты.
ЖІӨ-нің өсуіне ең көп үлес қосқан салалар: көлік және қойма – 22,5%, құрылыс – 18,5%, көтерме және бөлшек сауда – 8,6%, тау-кен өнеркәсібі – 8,5%, өңдеу өнеркәсібі – 6,1%.

Көлік және қойма саласындағы қызмет көлемі теміржол, құбыр желілері және автомобиль көлігімен жүк тасымалы көлемінің жоғары болуына байланысты 22,5%-ға өсті.

Құрылыс саласында жұмыс көлемі 18,5%-ға артты (2025 жылдың қаңтар–маусымындағы 18,4%-бен салыстырғанда). Түркістан облысында (+34,6%) мектептер, теміржол желілері және автожолдар құрылысы, Ақтөбе облысында (+25,6%) жайлы мектептер құрылысы мен жолдарды реконструкциялау, Жамбыл облысында (+13,1%) және Шығыс Қазақстан облысында (+5,9%) тұрғын үйлер, медициналық нысандар және электр желілерін салу жобаларын жүзеге асыруға байланысты жоғары өсім тіркеліп отыр.

Жаңалықтар