Әбдәкімов Жеңіс ӘутәліпұлыТуған күні: 9 мамыр 1962 жылТуған жері: Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыжаз ауылыМамандығы: МеханизаторЖұмыс өтілі: 47 жылҚысқаша өмірбаяны:Әбдәкімов Жеңіс Әутәліпұлы – өмірінің басым бөлігін жол шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы саласына арнаған еңбек майталманы. Ол 1962 жылы 9 мамырда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Сарыжаз ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын ерте бастап, 1978 жылы небәрі 16 жасында «Калинин атындағы ұжымшардың» мүшесі болып қабылданды. Осы ұжымда 17 жыл бойы жүргізуші қызметін мінсіз атқарып, техникаға деген ұқыптылығы мен еңбекқорлығының арқасында 1990 жылы ұжымшар басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.1997–2008 жылдар аралығында «Белес» шаруа қожалығында жұмыскер болып еңбек етті. Ал 2008 жылдан бері бүгінгі күнге дейін «КАЖсервис» ЖШС Алматы облыстық филиалына қарасты 91-жол пайдалану бөлімінде механизатор қызметін атқарып келеді.Ұзақ жылдық адал еңбегі мен салалық шеберлігі үшін бірнеше мәрте марапаттарға ие болды:2022 жылы – автожол саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының Алғыс хатымен марапатталды;2023 жылы – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен наградталды.Жеңіс Әутәліпұлы – өз ісіне адал, тәжірибесі мол, кәсіби біліктілігі жоғары маман. Ол бүгінгі таңда да қажырлы еңбегімен ел игілігі жолында қызмет етіп келеді.