19.1 C
Нарынкол
spot_img
ДомойЖаңалықтар | Новости🇰🇿🇹🇷Түркия Республикасына ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы...

🇰🇿🇹🇷Түркия Республикасына ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Қазақстан Президентінің сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеді.  Сарайға келген сәтінде Мемлекет басшысының кортежін салт атты гвардия бастап жүрді. 

Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалып,зеңбіректен 21 рет оқ атылды.

Екі елдің басшылары Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан соң мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізді.

t.me/aqorda_resmi

Жаңалықтар