Еліміздегі әрбір ер азаматтың міндеті Отан алдындағы борышын өтеу болып табылады. Жалпы, Тәуелсіз әрі кең байтақ елімізді сыртқы жаудан қорғап, болашақ ұрпаққа табыстау ата-бабадан бері жалғасып келе жатқан аманат десек қателеспесіміз анық. Иә, елімізде тек бейбіт заман болсын деп тілейік.Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш болып саналады. Бұл дегеніміз – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. -Отан қорғау- әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы. Өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы деп білемін.