18.9 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратАқпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Райымбек аудандықаумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Бексултановқа

Ақпараттық хабарлама

“Хантәңірі” газетінің (бұдан әрі газет) меншік иесі “Хантәңірі редакциясы” ЖШС-нің 2025 жылғы 3 тамызда өтетін Алматы облысы Райымбек ауданы әкіміне кандидаттарға үгіт материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын беру шарттары мен тәртібі жөніндегі төлем мөлшері.Газеттің басылым алаңдарын берудің жалпы шарттары мен тәртібі Газет үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын береді. Газетке жазбаша өтініш осы ақпараттық хабарлама негізінде 2025 жылдың 15 шілдесінен бастап, 2025 жылдың 1 тамызына дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайынғы сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Нарынқол ауылы Б.Соқпақбаев көшесі, 20/1 мекенжайы бойынша қабылданады. Жарияланымдарда ақпаратты берген тұлғаның тегі, қаржыландыру көздері, материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар олардың төленуі туралы ақпараттар болуға тиіс. Баспалық материалдарды орналстырудың кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу реттілігіне байланысты газетпен белгіленеді.Үгіттік баспа материалдарын берудің тәртібі Газетке үгіттік баспа материалдары газет жарық көретін датаға 3 (үш) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуға тиіс. Газет материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ, заңмен қарастырылмаған және заңмен қарастырылған, тағы басқа да негіздерде әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Газет саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген басылым алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзелуі мүмкін. Газеттің басылым алаңдарын төлеудің тәртібі мен мөлшері Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған басылым алаңдарының 1 шаршы см. Бағасы- 200 теңге. Төлем серіктестік берген есепшот негізінде сол есепшот берілген күннен бастап 5 банк күні ішінде жүргізіледі. Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген банктік реквизиттеріне төленеді.

Директор Ізтелеу П.

Жаңалықтар