📍 Кенесбаева Құралай Мұхтарқызы – өзінің өмір жолын білім мен тәрбиеге арнаған еңбекқор жан. Ол 1970 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қақпақ ауылында дүниеге келген.
📖1987 жылы орта мектепті аяқтап, 1991 жылы еңбек жолын кітапханашы болып бастады.
👶 1995-2002 жылдар аралығында балабақшада тәрбиеші болып еңбек етіп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде үлкен үлес қосты.
📚2009 жылдан 2022 жылға дейін Жәменке орта мектебінде кітапхана меңгерушісі қызметін атқарып, өз ісіне адалдығымен, тиянақтылығымен ерекшеленді.
🏫Қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласып келеді. 2009 жылдан бері сайлау комиссиясының мүшесі, ал бүгінде Райымбек аудандық сайлау комиссиясының төрайымы қызметін абыроймен атқаруда.
📌2022 жылдан бастап ұйымдастырушы, ал 2023 жылдан оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасар ретінде мектеп өміріне белсене атсалысып келеді.
✨Құралай Мұхтарқызы – жауапкершілігі жоғары, көпшіліктің құрметіне ие болған білікті маман. Оның еңбек жолы – жас ұрпаққа үлгі боларлықтай.