📍 Джармухамбетова Адепхан Тұрсынқызы – «Таугүл» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі, мектепке дейінгі білім беру саласының тәжірибелі маманы.🗓 1966 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында дүниеге келген.👶 Еңбек жолын 1984 жылы балабақшада көмекші тәрбиеші болып бастап, бүгінде ұжымның ұйытқысы, тәжірибелі басшы.🎓 Қыздар педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі педагогика және психология» және «Технология пәнінің мұғалімі» мамандықтары бойынша жоғары білім алған.📚 40 жылға жуық еңбек өтілі ішінде түрлі салада қызмет атқарып, 2012 жылдан бері «Таугүл» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі болып келеді.🏆 Басқаруындағы балабақша – аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы.🌟 Бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген, өз ісінің шынайы жанашыры. “Еңбек – елдің тұтқасы” деген сөздің нағыз үлгісі.