17.1 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратҚайтарылған активтердің ел мүддесіне тиімді бағытталып жатқанын айқын дәлелдейді

Қайтарылған активтердің ел мүддесіне тиімді бағытталып жатқанын айқын дәлелдейді

Бұл жобалар – қайтарылған активтердің ел мүддесіне тиімді бағытталып жатқанын айқын дәлелдейді. Әсіресе, ауылдық және шалғай елді мекендерге назар аударылуы – өңірлер арасындағы инфрақұрылымдық теңсіздікті жоюға бағытталған маңызды қадам.

Солтүстік Қазақстан облысында су құбырларын жаңғырту – тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту арқылы халықтың денсаулығы мен тұрмыс деңгейін жақсартуға сеп. Қарағанды облысындағы 51 медициналық нысан – ауыл тұрғындары үшін қолжетімді және сапалы медициналық қызметтің негізін қалайды. Ақмола облысындағы жаңа амбулаториялар мен медициналық пункттер де осы мақсатқа қызмет етуде.

Жалпы алғанда, бұл бастамалар – әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіріп қана қоймай, аймақтық дамуды жеделдетуге, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты әрі тиімді шаралар.

Садығожа Аяулым Амангелдіқызы

Жаңалықтар