12.8 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпарат📌 ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ ТІРЕГІ

📌 ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ ТІРЕГІ

Нұрышова Қарақат Қызайбаевна – ұзақ жылдар бойы халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан, өз ісіне адал, тәжірибелі маман.

🗓 Ол 1967 жылы 16 қарашада Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарбастау ауылында дүниеге келген.
🎓 1985–1988 жылдары Қарғалы кооператив техникумында білім алып, еңбек жолын 1988 жылы Нарынқол аудандық РАЙПО-да бастады.
📚 2014 жылы Есік қаласындағы педагогикалық колледжді “Бастауыш пән мұғалімі” мамандығы бойынша, ал 2020 жылы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін “Жергілікті және мемлекеттік басқару” мамандығы бойынша аяқтады.

🔹 Қазіргі таңда Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты Нарынқол ауылдық округінде әлеуметтік қызметкер болып қызмет атқаруда.

🤝 Қарақат Қызайбаевна – адаммен жұмыс істеудің жауапкершілігін терең сезінетін, жылы жүзді, жанашыр әрі кәсіби маман.

Мұндай еңбек адамдары – қоғамның алтын діңгегі, ел дамуының берік негізі! 💪🇰🇿

Жаңалықтар