18.6 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратАҒАШ ЕГУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

АҒАШ ЕГУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

2024 жылдың 8 сәуірінен бастап елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы басталды. Аталмыш акция біздің аудан тұрғындарының тарапынан да қолдау тауып, тазалық шаралары белсенді жүргізілуде. Сайып келгенде, тазалық акциясы — әрбір тұрғынның жеке игілігі үшін.

Акцияның кезекті жалғасы Нарынқол ауылындағы жастар саябағына тал егумен жалғасты. Акцияның ашылу салтанатына орай, алғашқы сөз кезегі аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлына берілді. Аудан әкімі акцияға жиналған қауымды, табиғатты таза ұстауға, аялауға, әрбір ресурсына құрметпен қарауға шақырып, акцияның маңыздылығын баса айтты. Еліміздегі экологиялық мәселені шешу — әрбір Қазақстандықтың қолында. Кезекті сөз кезегі ауылдық ақсақалдар кеңесі төрағасы Бірбаев Бекболат мырзаға берілді. Бекболат мырза егілген талдардың ерекше күтімде  болып, бақылануы қажеттігін айтты.

Акцияға барша мекеме басшылары қатысып, саябаққа тал егу рәсіміне белсенділікпен кірісіп кетті.

Айгүл ТАҒАЕВА

Жаңалықтар