Құрметті Райымбек ауданының тұрғындары, ҚР ІІМ-нің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығымен бекітілген заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтеулі тапсыру қатаң қағидаларына сәйкес ҚР аумағында 2025 жылдың 21-шы сәуірінен бастап қару мен жарылғыш заттарды қолдану мен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша акция өткізіледі.
Азаматтардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және қарау заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыруға өтініш білдіргендер жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы ҚР Бас прокурорының 18.12.2015 жылғы № 147 бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Азаматтар өз еркімен өткізген қару-жарақтың немесе оқ дәрілердің орнына ақшалай сыйақы ала алады.
Ол үшін азаматтар полицияға арыз беруі керек, онда тапсырылған қару-жарақтың атауы, маркасы, калибрі, нөмірі көрсетілуі керек. Бөлінген ақша қаражаты аяқталғаннан кейін ІІО-на заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсыру туралы жүгінген азаматтарда оларды қабылдау ҚР ІІМ-нің 15.02.2015 жылғы № 150 бұйрығының талаптарына сәйкес өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Заңсыз сақталған қарулар мен оқ дәрілерді өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік және қылмыс- тық жауапкершіліктен босатылады.
Е. ТАЖИБАЕВ,
Райымбек АПБ ЖПҚБ УПИ
полиция капитаны