13.5 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпарат🎉 Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік қабылдау 🎭

🎉 Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік қабылдау 🎭

Бүгін аудан әкімдігінде мәдениет пен өнер саласының қызметкерлеріне арналған арнайы қабылдау өтті. Мерекелік шара барысында аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Жанарбек Жантөреұлы мен AMANAT партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы Арипова Гүлнара Рауанқызы қатысып, сала мамандарына Алғыс хаттар мен шағын сый-сияпаттар табыс етті.

Сонымен қатар, AMANAT партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлының Алғыс хаты да табысталды.

Бұл — мәдениет пен өнер майталмандарына көрсетілген зор құрмет пен қолдаудың белгісі. Шынайы алғыс пен ізгі тілектер айтылып, шығармашылық жолындағы еңбектің еленген сәті болды.

💐 Мәдениет пен руханияттың шамшырағы болған барлық әріптестерімізді бүгінгі кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Шабытыңыз шалқып, еңбегіңіз елене берсін!

Жаңалықтар