13.3 C
Нарынкол
spot_img
ДомойЖаңалықтар | НовостиРеспубликалық репродуктивті денсаулық апталығы

Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Шараның мақсаты – халықтың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулық туралы білімін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы институтын нығайту. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мәлімдеді.Апта бойы еліміздің әр өңірінде мектептер мен колледждерде ақпараттық кездесулер, жастар денсаулығы орталықтарында және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде ашық есік күндері, тақырыптық дәрістер мен тренингтер, сондай-ақ мамандардың қатысуымен онлайн-вебинарлар ұйымдастырылуда. Аталған іс-шаралар жыныстық жетілу, жеке гигиена, контрацепция, қауіпсіз қарым-қатынас, отбасын жоспарлау және зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты маңызды тақырыптарды қамтиды.2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы — адам папилломавирусына (HPV) қарсы 11 жастағы қыздарға вакцина егу басталды.Спикердің айтуынша, бұл – аурудың алдын алуға бағытталған маңызды қадам. Бүгінгі таңда Алматы облысында осы диагнозбен тіркелген әйелдердің саны 1100-ден асты. Бұл жағдай аурудың өзектілігін айғақтайды.Бедеулік мәселесіне тап болған отбасыларды қолдауға бағытталған «Аңсаған сәби» бағдарламасы экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) секілді заманауи емдеу әдістеріне қолжетімділікті қамтамасыз етіп, мыңдаған отбасыға үміт сыйлауда.«Репродуктивті денсаулық апталығы – бұл жастардың, ата-аналардың және бүкіл қоғамның назарын денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға бағыттайтын маңызды алаң. Бұл – тек ақпарат тарату емес, сонымен қатар алдын алу, ерте диагностика және сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыруды көздейтін бастама. Осындай кешенді жұмыс арқылы біз жастардың денсаулығын сақтап, болашақ ұрпақтың амандығына негіз қалаймыз», – деді спикер.

Жаңалықтар