Кемекова Салтанат Қалиқызы 1965 жылы 17 қарашада Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Абай атындағы қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 1983 жылы аталған мектепті тәмамдады.
📖 Еңбек жолы 1984 жылы Нарынқол балалар кітапханасында бастап, 1985–1987 жылдары Қаскелең мәдени-ағарту училищесінде білім алып, кітапханашы мамандығын игерді.
🔹 1987 жылдан бастап Нарынқол аудандық кітапханасында, ал 1998 жылдан Райымбек аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарды.
🔹 2002 жылы Нарынқол балалар кітапханасының әдіскері болды.
🔹 Қазіргі таңда 42 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі кітапханашы ретінде Нарынқол балалар кітапханасына жетекшілік етіп келеді.
🏅 Марапаттары:
✔️ 2011 — «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» төсбелгісі
✔️ 2019 — Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаты
✔️ 2021 — «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісі
✔️ 2021–2024 — Райымбек ауданы әкімінің Құрмет грамоталары
Ұлттың рухани дамуына үлес қосып келе жатқан Салтанат Қалиқызына зор алғыс білдіреміз! 🌟