






Бүгін 12 мамыр – Халықаралық медбикелер күніне орай, “AMANAT” партиясы Райымбек аудандық филиалының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Шараға “AMANAT” партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы Арипова Гүлнара Рауанқызы және Алматы облыстық мәслихат депутаты Алиев Нұрбол Мәжитұлы қатысты.
Іс-шара барысында медбикелерге ерекше алғыс пен құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, “AMANAT” партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлының атынан Алғыс хаттар табысталып, гүл шоқтары мен сыйлықтар жиынтығы тарту етілді.
Адам өміріне араша түсіп жүрген ақ халатты абзал жандарға мың алғыс! Еңбектеріңіз жана берсін!