








Бүгін Талас ауылында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай жаңадан орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, ел үшін жанын қиған ардагерлерге тағзым етілді.
Іс-шара барысында ескерткіштің бой көтеруіне атсалысқан азаматтарға AMANAT партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы Г.Р. Арпованың Алғыс хаты табыс етілді.
Сонымен қатар шараға Алматы облыстық маслихат депутаты Н.М.Алиевте қатысып, тыл ардагерлеріне AMANAT партиясының атынан азын-аулақ сыйлықтар табысталып, оларға құрмет көрсетілді.
Батыр бабаларымыздың ерлігі — мәңгі жадымызда!