3 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпарат⚡️РАЙЫМБЕК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖУСАНБАЕВ ҒАЛЫМ СӘЛІМҰЛЫНЫҢ КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

⚡️РАЙЫМБЕК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖУСАНБАЕВ ҒАЛЫМ СӘЛІМҰЛЫНЫҢ КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

🖋️ 18 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары Ғалым Жусанбаевтың кестеге сәйкес қоғамдық қабылдауы өткізілді.
Қабылдау барысында бірнеше мәселелер көтерілді.
Атап айтсақ, Сарыжаз ауылының тұрғыны өзінің асыраушысы жоқ, жалғыз басты ана екенін және жұмысы жоқтығын айтып, қазіргі уақытта қызының шәкірт ақысына қарап отырғанын айтып, аудан әкімі орынбасарынан көмек сұрап келді.
Шалкөде ауылының тұрғыны ауылындағы ауыз су мәселесін ерте көктемде шешіп берсе деген өтінішін білдірді.
Сонымен қатар, қабылдау барысында Нарынқол ауылының тұрғыны өзінің жеке баспанасының жоқ, қазіргі таңда жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын айтып үй алып беруіне көмек жасаса деп өтініш жасап келді.
Ғалым Сәлімұлы мәселелерді толық тыңдап, жауаптар қайтарды. Шешу жолдарын қарастыратындығын және қазіргі уақытта осы мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығында жеткізді.
Көтерілген әр мәселе өз оңтайлы шешімін міндетті түрде табатын болады.

Жаңалықтар