







🎉Сізді 8 наурыз – Халықаралық əйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Елімізде əйелдер, ең алдымен, аяулы ана, сүйікті жар, кəсіби маман жəне жауапты лауазым иесі. Сіздер отбасының ұйытқысы, құт-берекесі ғана емес, отанымыздың тұтқасысыздар. Сондықтанда абзал аналар мен аяулы арулар барлық сый-құрметке лайық.
«AMANAT» партиясының Тұғырнамасында отбасы институтын, көпбалалы аналарды, кəсіпкер əйелдерді қолдауға айрықша мəн берген. Сіз партиямыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, бастамаларын қолдап, оның халыққа жетуіне өлшеусіз үлес қосып келесіз.
Алдағы уақытта елдің ықыласына бөленіп, биік белестерді бағындыра беріңіз. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырағыңызға ортаймас шаттық тілейміз,-деп жүрекжарды тілегін арнады “AMANAT” партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы Арипова Гулнара Рауанқызы.