





Райымбек ауданының жас кәсіпкерлері Мұқан Аяла мен Еренсіз Ардақ «Мариям» кондитерлік өнімдер дүкенінің негізін қалаушылар.
2019 жылы «Жастар жылының» игілігімен қайтарымсыз грантқа ие болған Ардақ ханым мен Аяла ханым аталған сала бойынша арнайы сертификат алып,өз істерін бастап кеткен. Тек тапсырыс түскен тәттілерді үйден пісіріп,сатып кәсіп ашуға бейімделген.
2024 жылдың тамыз айында «Мариям»кондитерлік цехын ашып,аудан көлемінде тапсырыстар қабылдап кәсіптерін жүргізіп жатыр.
Қазіргі таңда үлкен көлемдегі той торттарын,әртүрлі мерекелік дастарханға арналған нан,бауырсақ,бәліш,самса түрлерін және торттардың 10 түрін сатылымға шығарады.
Заман талабына сай тағам принтерімен (пищевой принтер) түрлі жазулар мен фотоларды басып шығарады!
Цехта 4 адам жұмыспен қамтылып отыр!