❄️Бүгін түнде Маңғыстау облысы Қарақия ауданында Қазақстан–Түрікменстан тас жолының Жаңаөзен қаласынан 170 шақырым жерінде қарлы боран салдарынан 40-тан астам жүк көлігі тұрып қалған.
🚒ТЖМ қызметкерлері Жаңаөзен қаласынан жетіп, көліктерді сүйреп асудан өтіп кетуге көмектесті. Жүк көліктерінің жүргізушілері өз сапарларын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.
📢Құрметті жүргізушілер! Қыс мезгілінде жолға шығар алдында ауа райы болжамын қадағалап, көлігіңізді қажетті құралдармен жабдықтауды ұмытпаңыз! Сақтық – қауіпсіздіктің кепілі!