Бүгінде есірткі таратушылар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жастарды «жеңіл әрі жылдам табыс» табуға шақырып, қылмысқа тартуда. Көптеген жасөспірімдер көше қабырғаларына QR-код жазуды немесе чаттарға сілтеме таратуды жай ғана зиянсыз жарнама деп ойлайды. Алайда заң бойынша есірткіні насихаттау және заңсыз жарнамалау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Интернеттегі кез келген әрекет цифрлық із қалдырады, ал мұндай «жұмысқа» келісу — өз болашағыңа балта шабу деген сөз.

