Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасының ішкі мәселесі ғана емес, қоғамның қауіпсіздігіне төнген қатер. Кейде жәбірленушілер жақындарының сөзіне, қоғамның көзқарасына немесе ертеңгі күнге деген қорқынышына байланысты көрген қысымын жасырып қалады. Алайда үнсіздік мәселені шешпейді, керісінше, оның ушығуына жол ашуы мүмкін. Әрбір адам қауіпсіз өмір сүруге құқылы. Сондықтан зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік танытып, жәбірленушіге қолдау көрсету – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Үнсіздік зорлық-зомбылықты тоқтатпайды

