Жол қауіпсіздігі – әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығына тікелей қатысты мәселе. Кейде жүргізушінің бір сәттік асығыстығы немесе жаяу жүргіншінің жол ережесін елемеуі орны толмас қайғыға әкеледі. Жылдамдықты шектен асырмау, қауіпсіздік белдігін тағу, бағдаршам талабын сақтау – қарапайым көрінгенімен, адам өмірін сақтайтын маңызды әрекеттер. Жолда ешкімнің асығуға құқығы жоқ. Себебі межелі жерге бірнеше минут кеш жету – өмірден айырылғаннан әлдеқайда артық.
Жолдағы тәртіп – өмір кепілі

