Алкогольге тәуелділіктің зардабын көбіне сол адаммен бірге өмір сүретін жақындары тартады. Үйдегі ұрыс-керіс, сенімнің жоғалуы, балалардың психологиялық күйзеліске ұшырауы – осы мәселенің көзге көрінбейтін салдары. Әсіресе баланың отбасындағы тұрақсыз ортада өсуі оның болашақ өміріне әсер етуі мүмкін. Сондықтан маскүнемдікпен күрес тек бір адамның мәселесін шешу емес, тұтас отбасының тыныштығы мен ұрпақтың саулығын қорғау.
Ішімдікке салыну – отбасыға түскен салмақ

