Қоғамдық тәртіп тек ірі заңбұзушылықтардың болмауымен өлшенбейді. Ол күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады. Біреудің кезегін бұзбау, қоғамдық орында дауыс көтермеу, қарт адамға жол беру, өзгелердің тыныштығын құрметтеу – мәдениетті азаматтың белгісі. Заң бар жерде тәртіп болуы керек, ал тәртіптің берік орнығуына адамның ішкі мәдениеті ықпал етеді. Өз құқығын талап ете отырып, өзгенің де құқығын құрметтеу – өркениетті қоғамның басты қағидасы.
Кезектегі мәдениет те – қоғамдық тәртіптің өлшемі

