Интернеттегі әрбір жазба, пікір мен жарияланым адамның цифрлық ізін қалыптастырады. Кейбір азаматтар әлеуметтік желіде отырып, өзгенің ар-намысына тиетін сөз жазуды немесе тексерілмеген ақпарат таратуды қалыпты әрекет санайды. Бірақ виртуалды кеңістік заңнан тыс аймақ емес. Жалған ақпарат тарату, қорлау, жеке мәліметтерді рұқсатсыз жариялау құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Сондықтан экранның ар жағында да әдеп пен жауапкершілік сақталуы тиіс.
Цифрлық із – ұмытылмайтын жауапкершілік

