Домойhantengrigazeti.kz ақпаратКонституция – келер ұрпақ алдындағы аманат

Конституция – келер ұрпақ алдындағы аманат

Мемлекеттің дамуы тек бүгінгі жетістіктермен өлшенбейді. Оның шынайы нәтижесі келешек ұрпаққа қандай қоғам, қандай мүмкіндік және қандай құндылық қалдыра алатынымен айқындалады. Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияның маңызы бүгінгі азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілеумен ғана шектелмейді. Ол елдің ертеңіне қатысты жауапкершілікті де айқындайды.

Болашақ алдындағы жауапкершілік ең алдымен табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланудан, қоршаған ортаны қорғаудан, сапалы білім мен қолжетімді мүмкіндіктер қалыптастырудан көрінеді. Сонымен қатар заң үстемдігін сақтау, әділетті қоғам құру және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету де келер ұрпақтың өмір сапасына тікелей әсер етеді.

Әр буын өз дәуірінің міндетін орындап қана қоймай, кейінгі ұрпақтың да мүддесін ескеруі қажет. Өйткені бүгін қабылданған шешімдер ертеңгі қоғамның бағ

Жаңалықтар