Хантәңірі баурайында орналасқан Райымбек ауданы — ұлттық өнердің, көшпелі өркениеттің және ата-баба салт-дәстүрінің қаймағы бұзылмай сақталған киелі өңір. Ұлы тұлғалар — Райымбек батыр, Мұқағали Мақатаев, Бердібек Соқпақбаев, Сағат Әшімбаев сынды біртуар перзенттерді дүниеге әкелген бұл өлкеде рухани мұра мен ұлттық құндылықтар күнделікті тұрмыспен біте қайнасып кеткен.
Бүгінде шекара шебіндегі аудан халқы ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыпты жаңғыртып, өскелең ұрпаққа аманаттауда ерекше белсенділік танытып келеді.
Райымбек ауданының мәдениеті мен салт-дәстүрді сақтауы

