Әлемде цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша АҚШ, Сингапур, Нидерланд, Дания, Швейцария және Эстония көш бастап тұр. Швейцарияның беделді IMD бизнес мектебінің 2026 жылғы қарашада жариялаған «Жаһандық цифрлық және ЖИ бәсекеге қабілеттілік рейтингіне» (World Digital and AI Ranking 2026) сәйкес, дәл осы мемлекеттер цифрлық инфрақұрылым, кадрлар даярлау және мемлекеттік басқаруды цифрландыруда ең жоғары нәтиже көрсетті.
Бүгінде цифрландыру — тек жылдам интернет қана емес, ол мемлекеттік қызметтерді толық онлайн форматқа көшіру, қолма-қол ақшасыз экономика және жасанды интеллектіні өндіріс пен тұрмысқа тиімді енгізу көрсеткіші.
Цифрландыруда жетекші елдер

