ДомойЖаңалықтар | Новости«Көлсайға жаңа тыныс: 6,3 шақырымдық аспалы жол салынбақ»

«Көлсайға жаңа тыныс: 6,3 шақырымдық аспалы жол салынбақ»

⚡️Кеген ауданында Бірінші және Екінші Көлсай көлдерін жалғайтын аспалы жол салу жобасы жоспарлануда. Жалпы ұзындығы 6,3 шақырым болатын жобаға 15 млрд теңге инвестиция тарту көзделген.
Жоба аясында 90 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі уақытта 43 тірек бағанасын орнату орындары белгіленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге қажетті құжаттар әзірленуде. Жобаны отандық кәсіпкерлер жүзеге асырмақ.

Жаңалықтар