0.5 C
Нарынкол
spot_img
ДомойСпортПавлодарлық тоғызқұмалақшы Азия чемпионатына жолдама алды

Павлодарлық тоғызқұмалақшы Азия чемпионатына жолдама алды

Жарыста еліміздің үздік тоғызқұмалақ шеберлері бас жүлде үшін тартысты ойын өрнегін көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

10-19 ақпан күндері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттер сарайында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының жекелей классика чемпионаты өтті.

Жарысқа еліміздің 17 облысы мен үш қаладан 171 спортшы қатысып, өз шеберліктерін сынады.

Облыстық тоғызқұмалақ федерациясының мәліметінше, павлодарлық Ринат Керейбаев екінші орын алып, Азия чемпионатына жолдама алса, Ерасыл Ауталипов үшінші орынға ие болып, Азия Кубогіне жолдама алды.

Жаңалықтар