Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЭкологиялық саладағы жаңа заңдар

Экологиялық саладағы жаңа заңдар

  • «Топырақты қорғау туралы» заң. 2026 жылғы 8 қыркүйекте күшіне енген ҚР «Топырақты қорғау туралы» заңы жер ресурстарын тозудан қорғаудың кешенді жүйесін енгізді. Заң бойынша жер пайдаланушылар құнарлы қабатты сақтауға, топыраққа мониторинг жүргізуге және топырақ қорғау технологияларын қолдануға міндетті.
  • «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң. 2026 жылғы 7 қыркүйекте қолданысқа енген ҚР «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заңы қалдықтардың түзілуінен бастап, оларды түпкілікті көму және кейінгі бақылауға дейінгі бүкіл өмірлік циклін реттейді. Құжатта қалдық өндірушілердің жауапкершілігі күшейтіліп, бұл саладағы жұмыстарды үйлестіретін Ұлттық оператордың құзыреті бекітілді.
  • Конституциялық экологиялық міндет. 2026 жылғы жаңа Конституцияның 37-бабында азаматтардың табиғатты сақтау міндеті және лауазымды тұлғалардың экологиялық қауіп туралы ақпаратты жасырғаны үшін жауапкершілігі нақтыланды.

Жаңалықтар