Тұрмыстық зорлық-зомбылық – жеке отбасының шеңберінен шығатын, қоғам болып назар аударуды қажет ететін мәселе. Оның физикалық, психологиялық және экономикалық түрлері адамның өміріне елеулі зиян келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайға тап болған азаматтар көмек сұраудан қорықпауы керек. Ал айналасында зорлық-зомбылық белгілерін байқаған адамдар бейжай қалмай, тиісті органдарға хабарлағаны жөн. Жәбірленушіні қолдау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – адамгершілік пен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Зорлық-зомбылыққа үнсіз қалма

