Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЭКОЛОГИЯНЫ СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН ЖАҚСАРТУ

ЭКОЛОГИЯНЫ СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН ЖАҚСАРТУ

Экологиялық мәдениет қалыптастыру, тұрмыстыққалдықтарға екінші өмір беру, аулаларды көгалдандыружәне ауыл тұрғындарына нақты экологиялық шешімдердікөрсету. Алматы облысында Бесағаш ауылында осыбағыттарды қамтитын бірнеше экологиялық жоба жүзегеасырылуда.

«ВЕРТИКАЛДЫ ЭКО-АУЛА»: ШАҒЫН АУМАҚТАҒЫ ҮЛКЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШЕШІМ

Қазақстандағы өзекті мәселелердің бірі – ірі қалалармаңындағы ауылдардың әлеуметтік-экологиялық жағдайы. Қалаға жақын қоныстанған мыңдаған отбасы бүгінде шағынжер телімдерінде өмір сүруге мәжбүр. Бұрын мал ұстап, бақшаегіп, жерден несібесін тапқан тұрғындардың 6 сотық ауласыкөбіне үй мен көлік қоюға ғана жетеді. Құнарлы жерлердіңорнын бетон мен асфальт басып, адамдардың жерменбайланысы әлсіреп барады.

«Вертикалды эко-аула» жобасы осы мәселені шешудіңбалама жолын ұсынады. Оның мақсаты – шағын аумақты тиімдіпайдаланып, ауланы экологиялық таза өнім өндіретін, тұрмыстық шығынды азайтатын және қосымша табыс әкелетінмикроэкожүйеге айналдыру.

Жобаның негізгі жаңалығы – дәстүрлі көлденең бау-бақшаөсіру тәсілін вертикалды форматқа бейімдеу. Яғни өнім өсіруүшін міндетті түрде үлкен жер телімі қажет емес. Шағын ауладада жемісті қабырғалар, жидекті қоршаулар, шпалерлік жәневертикалды бақтар ұйымдастыруға болады.

Жоба аясында демонстрациялық алаң құрылып, тұрғындарға практикалық сабақтар өткізіледі. Қатысушыларвертикалды көгалдандыру, тамшылатып суару, гидропоника, контейнерлік егіншілік, жеміс-көкөністі өңдеу және шағынкәсіпкерлік дағдыларын меңгереді.

Әсіресе үй шаруасына байланысты тұрақты жұмысқа шығаалмайтын әйелдер үшін бұл бастама қосымша табыс табуғажәне экономикалық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар аумақты көгалдандыру жергіліктіэкологиялық жағдайды жақсартуға, ал органикалыққалдықтарды компостқа айналдыру топырақ құнарлылығынарттыруға және тұрмыстық қалдық көлемін азайтуға ықпалетеді.

Жобаның түпкі идеясы – жер аз болса, мүмкіндік те аздеген түсінікті өзгерту. Шағын аула да өнім өндіретін, табысәкелетін әрі экологиялық ортаны жақсартатын кеңістіккеайнала алады.

«АУЫЛҒА 40 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШЕШІМ»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Бұл жобаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарынақоршаған ортаны қорғаудың қолжетімді әрі тиімді жолдарынкөрсету.

Жоба аясында ауылдық жерлердегі өзекті экологиялықмәселелер мен оларды шешу тәсілдері туралы 40 тақырыпқа 40 бейнеролик әзірленеді. Әр материал белгілі бір проблеманыкөтеріп қана қоймай, оның шешімін тәжірибе жүзінде көрсетудікөздейді.

Тақырыптар ауқымы кең: ауланы көгалдандыру, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді таңдау, суды үнемдеу, топырақ құнарлылығын сақтау, компост дайындау, ауыспалыжайылымды ұйымдастыру, биоалуантүрлілікті қорғау жәнеауыл шаруашылығында экологиялық тәсілдерді қолдану.

Жобаның ерекшелігі – экологиялық кеңестерді құрғақтеория түрінде емес, нақты тәжірибесі бар адамдардыңқатысуымен ұсыну. Көрермен мәселені көріп қана қоймай, оныөз ауласында немесе шаруашылығында қайталап қолданаалатын нақты шешімдермен танысады.

«ЕКІНШІ ӨМІР»: ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚ – ЖАҢА МҮМКІНДІК

Тұрмыстық қалдықтар мәселесі бүгінде қалалар менауылдардың ортақ экологиялық проблемасына айналды. Қайтапайдалануға немесе өңдеуге жарамды көптеген заттар әлі деқоқысқа тасталады.

«Екінші өмір» жобасының негізгі идеясы – қалдыққа текжойылуы тиіс қажетсіз зат ретінде қарамау. Керісінше, олардықайта пайдалану, жарамдылық мерзімін ұзарту және жаңаресурс ретінде қарастыру мәдениетін қалыптастыру.

Бұл бағыттың маңызы тек қоршаған ортаны қорғауменшектелмейді. Қалдықты азайту – табиғи ресурстарды үнемдеу, тұтыну мәдениетін өзгерту және жаңа экономикалықмүмкіндіктерге жол ашу деген сөз.

«ҚЫЗДАР БАҒЫ»: ТАБИҒАТ ПЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰШТАСТЫРУ

«Қыздар бағы» – экологиялық идеяны ұлттық мәдениетпенжәне қоғамдық құндылықтармен байланыстыратын ерекшежоба.

Жобаның тұжырымдамасы – қазақ қыздарының есімдерінағаштар мен өсімдіктерге беру арқылы табиғатқа деген құрметтімәдени ұғымға айналдыру.

Бұл бастаманың астарында маңызды ой бар: адам өзіқұрметтейтін, қадірлейтін нәрсені қорғайды. Ағашты жай ғанаотырғызылатын көшет емес, есімі мен символдық мәні бартіршілік иесі ретінде қабылдау – экологиялық санақалыптастырудың өзгеше жолы.

Жоба аясында қазақ қыздарының есімдерімен аталатынағаштар мен бұталардан тұратын ерекше жасыл кеңістікқалыптастыру көзделген. Мұнда көгалдандырумен қатар, әйелдердің қоғамдық өмірдегі рөлі, табиғатқа қамқорлық жәнекелер ұрпақ алдындағы жауапкершілік мәселелері де тоғысады.

БІРНЕШЕ ЖОБА – БІР МАҚСАТ

Бұл жобалар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасының мақсаттарымен үндеседі. Өйткені экологиялық мәдениет қалыптастыру, қалдықтарды азайту, көгалдандыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарау – аталған бастаманың негізгі бағыттарының бірі.

Алайда экологиялық өзгеріс тек мемлекеттік бағдарламалар мен ірі инфрақұрылымдық жобаларға ғана байланысты емес. Ол әр адамның ауласынан, тұрмысынан, таңдауы мен күнделікті әрекетінен басталады.

Өйткені экологиялық өзгеріс бір күнде қалыптаспайды. Ол бір адамның әрекетінен, бір ауланың өзгеруінен, бір ағаштың отырғызылуынан және бір пайдалы тәжірибенің екінші адамға берілуінен басталады.

Экологияны насихаттау ғана емес, оны өмірде қолдануға болатын нақты шешімдерге айналдыру – осы жобалардың ортақ ұстанымы.

Жобаларды жүзеге асырушылар: Exclusive Fund жеке қоры және Gulstan-Dala қоғамдық қоры. БастамаларЕуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзегеасырылуда.

Айдос Аманкелдіұлы

Жаңалықтар