Отбасы – адам бойындағы адамгершілік қасиеттер мен өмірлік құндылықтар қалыптасатын алғашқы орта. Шаңырақтағы сыйластық, түсіністік пен өзара қолдау қоғамдағы тұрақтылықтың да негізін құрайды. Алайда отбасындағы зорлық-зомбылық пен қысым көрсетуге ешбір жағдайда жол беруге болмайды. Әр адамның қауіпсіз өмір сүруге, қадір-қасиетінің қорғалуына құқығы бар. Отбасындағы мәселелерді күш қолдану арқылы емес, өзара түсіністік пен заңды жолдар арқылы шешу маңызды.
Отбасындағы татулық – қоғамның тұғыры

