Нашақорлық – адамның денсаулығы мен өміріне үлкен зиян келтіретін күрделі әлеуметтік мәселе. Есірткіге тәуелділік адамның қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіріп, жақындарымен қарым-қатынасына және қоғамдағы орнына кері әсер етеді. Бұл кеселмен күресте алдын алу шараларының маңызы ерекше. Жастарға есірткінің зардабы туралы шынайы ақпарат беру, психологиялық қолдау көрсету және спорттық-мәдени шараларға тарту қажет. Ең бастысы, әр жас өз өмірі мен болашағы үшін жауапкершілік сезінуі тиіс.
Нашақорлық – ұлт болашағына төнген қатер

