Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық – қоғамның жіті назарын қажет ететін мәселе. Баланың мінез-құлқы мен өмірге көзқарасының қалыптасуына отбасы, мектеп және қоршаған ортасы тікелей әсер етеді. Сондықтан жас ұрпаққа заң талаптарын түсіндірумен қатар, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру да маңызды. Спорттық, мәдени және шығармашылық үйірмелерге тарту жасөспірімдердің қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Тәрбиедегі жүйелілік пен үлкендердің өнегесі құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды жолы болып саналады.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

