Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, зорлық-зомбылықтың негізгі факторларының бірі — қоғамда қалыптасқан гендерлік теңсіздік пен бұрмаланған отбасылық құндылықтар. «Ерлі-зайыптының ұрысы — ит пен мысықтың ұрысы», «Отаудың ішкі сыры сыртқа шықпауы тиіс» деген сияқты ескірген қағидалар отбасындағы қылмысты жасыруға көмектеседі. Агрессордың «әйел мен бала — менің меншігім, оларды өз қалауымша тәрбиелеймін» деген қате түсінігі және қоғамның құрбандарды кінәлауға бейімділігі (виктимблейминг) зорлықтың қайталануына қолайлы орта туғызады

