-5.8 C
Нарынкол
spot_img
-5.8 C
Нарынкол
Домойhantengrigazeti.kz ақпарат⚡️РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ДҮЙСЕНБАЕВ БЕРІК ФАТЫҚҰЛЫНЫҢ КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

⚡️РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ДҮЙСЕНБАЕВ БЕРІК ФАТЫҚҰЛЫНЫҢ КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

🖋️ 18 ақпан күні аудан әкімі Берік Фатықұлының кестеге сәйкес қоғамдық қабылдауы өткізілді.
Қабылдау барысында бірнеше мәселелер көтерілді.
Атап айтсақ, Текес ауылының тұрғыны Текес мәдениет үйі ғимаратының ескіргенін және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек беруін сұрап келді.
Келесі қабылдауға келген Текес ауылының тұрғыны су жүйесінің қазіргі уақытта тозығы жетіп, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігін айтып өтті.
Сүмбе ауылының тұрғыны, Сүмбе ауылдық ауруханасының қазіргі таңда апаттық жағдайда тұрғандығын айтып, күрделі жөндеу жұмыстарын жасап берсеңіз деген өтінішін білдірді.
Сондай-ақ, қабылдау барысында жердің құжаттарын заңдастыру, аз пайызбен кәсіп жүргізуге несие алу және тұрғын үй мәселелері көтерілді.

Берік Фатықұлы мәселелерді толық тыңдап, оңтайлы жауаптар қайтарды. Шешу жолдарын қарастыратындығын және қазіргі уақытта осы мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығында жеткізді.
Көтерілген әр мәселе өз оңтайлы шешімін міндетті түрде табатын болады.

Жаңалықтар