Заңға бағыну — қорқыныштан емес, ішкі мәдениет пен саналылықтан тууы керек. Жастайынан заңды сыйлауға, өзгенің құқығын бұзбауға тәрбиеленген ұрпақ қана әділетті қоғам құра алады. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап құқықтық тәрбие беру жұмыстарын күшейту маңызды.

