Қазіргі уақытта смартфондағы электронды жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және техпаспорт қағаз нұсқамен бірдей заңды күшке ие. Полиция қызметкеріне немесе кез келген мекемеге цифрлық құжатты көрсету жеткілікті. Бұл — заңнаманың заман ағымына сай икемділігінің айқын дәлелі.

